
Бүгін Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған саптық жиын өтті. Бұл – еліміздегі ұлттар мен ұлыстардың татулығын, бейбіт өмір мен келісімді ұлықтайтын ерекше мереке.
Саптық жиын барысында оқушылар бірлік пен ынтымақтың маңызын тағы бір мәрте түсінді. Әрбір ұлт өкілі – біздің ортақ Отанымыз – Қазақстанның тең құқылы азаматы. Біз барлығымыздың арман-тілегіміз – елдің дамуы, бейбіт өмір, білім мен еңбек арқылы биік белестерге жету.
Бірлігіміз бекем, елдігіміз мәңгі болсын!
Қазақстан – ортақ үйіміз, татулық – басты байлығымыз!
Жауапты: Аға вожатый Т. Н. Махаева