МЕКТЕП ҰСТАЗДАРЫ ЖҮЛДЕГЕРЛЕР ҚАТАРЫНДА

Ағымдағы жылдың 26 сәуірінде Ж.Ақылбаев атындағы мектеп-гимназиясында ұзақ жылдар бойы ұлағатты ұстаздықпен қатар мектеп басшысы қызметін атқарған Биғожин Қайрат Ерболұлын еске алуға арналған Шет ауданының мұғалімдері арасында өткізілген волейбол жарысында мектебіміздің ұстаздары жүлделі ІІІ-орынға ие болды. Осы орайда бала тәрбиесі мен спортты қатар алып жүрген ұлағатты ұстаздарымызды жүлделерімен шын жүректен құттықтаймыз.