2023-2024 оқу жылында арнайы педагогикалық диагностикаға ПМПК қорытындысы бар 9 оқушы және мектеп мұғалімдерінің сұраныстары бойынша (7-форма) ерекше білім беру қажеттіліктері бар 2 оқушы диагностикаға алынды. Барлығы 11 оқушы арнайы педагогикалық диагностикадан өткізілді.
2023-2024 ЕББҚ бар оқушылар тізімі https://disk.yandex.ru/d/LbuZhoSpETVwvQ
ПМПК қорытындылары https://disk.yandex.ru/i/T9D6BiLp4nqilQ
Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің мамандары (арнайы педагог, педагог-логопед, педагог-психолог) оқушылардың сабақтарына қатысып, бақылау хаттамалары (форма 2а, 2б) толтырылды.
Ата-аналармен сұхбат және сауалнамалар (1а, 1б формалары), оқушылардың коммуникативті паспорттары толтырылып, зерттелінді.
Терең арнайы педагогикалық диагностикада оқушылардың негізгі пәндердің оқу бағдарламаларын (математика, қазақ тілі, әдебиеттік оқу, жаратылыстану) меңгеру деңгейі анықталды, оқу жетістіктерінің карталары толтырылды. Оқушылардың оқу қиындықтарының көріністерін және олардың себептерін арнайы мамандар (арнайы педагог, педагог-логопед педагог-психолог, әлеуметтік педагог) анықтап, ұжымдық талқылау жүргізілді. (Әр оқушыға 3-форма, 4-форма, 5-формалары толтырылды).
Жеке және бейімделген оқу бағдарламаларына сәйкес жеке және топтық сабақтардың күнтізбелік-тақырыптық жоспарлары құрылды. Бекітілген сабақ кестесіне сәйкес түзете-дамыту сабақтары жүргізілді. Түзете-дамыту сабақтары екі негізгі пәнді біріктіре отырып өткізілді.
Арнайы педагог жылдық жұмыс жоспары
https://disk.yandex.ru/i/GbZfKQl5QvpoSw
Логопед жылдық жұмыс жоспары
https://disk.yandex.ru/i/9wVk14mB69ll2g
Арнайы педагог-логопед сабақ кестесі 2023-2024 оқу жылы https://disk.yandex.ru/d/5exhzd4h08eeHQ
Психологиялық-педагогикалық қолдаудың жеке бағдарламасы мен жеке оқыту бағдарламаларын іске асырудың сәттілігін динамикалық байқау мақсатында оқу жылының басында, бірінші жартыжылдықтан кейін және жылдың соңында ереше білім беру қажеттіліктері бар оқушылардың сабақтарына қатысып, бақылау хаттамалары және оқу жетістіктері карталары толтырылды. Бірінші жартыжылдықтан кейін және оқу жылының соңында түзете-дамыту жұмыстарына мониторинг жасалды. 1 оқушы психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі отырысының шешімімен ПМПК жолданды. Жеке оқу бағдарламасымен оқитын оқушыларда негізгі пәндер бойынша динамика байқалады (жетістіктер картасында белгіленді). ПМПК қорытындысы және терең педагогикалық диагностика нәтижесінде 2023-2024 оқу жылында жеке оқу бағдарламалары әзірленді.
Жеке оқу бағдарламалары
1 сынып https://disk.yandex.ru/i/jDEu7rcbDZtuWw
https://disk.yandex.ru/i/5MTq5UWWDTur_g
2 сынып https://disk.yandex.ru/d/oYQEKWu5E25gew
https://disk.yandex.ru/i/5tayd-qXY5_Z7A
3 сынып https://disk.yandex.ru/d/ad2iXG2mwMec4g
https://disk.yandex.ru/i/XvvhKtpEJOnehg
4 сынып https://disk.yandex.ru/d/JyTPIgt7SpQeXw
https://disk.yandex.ru/i/NQvh-rBTdR0iEQ
6 сынып https://disk.yandex.ru/d/EknwzP-Fn4IWag
https://disk.yandex.ru/i/HCexC2I31S1hgg
2023-2024 оқу жылы стажерлық алаң бойынша есеп - https://disk.yandex.ru/d/jv47rSYXMLkrcA