back-image
КГУ "Интернат при ОШ (РЦ) имени Ы.Алтынсарина"

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Интернат при ОШ (РЦ) имени Ы.Алтынсарина"

4.5 Жас мамандармен жұмыс

Ы.Алтынсарин атындағы тірек мектеп (РО) жанындағы интернаттың жас мұғалімдерімен жүргізген жұмыстардың талдау есебі.

2023-2024 оқу жылы

     Бала тәрбиесі - бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. «Тәрбие басы –тал бесік» - дейді халық, ал баланың дұрыс өсуі, дұрыс тәлім - тәрбиеге бейімделуі-алдымен отбасына, содан соң балабақша мен мектептегі тәрбиеге байланысты. «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында» демекші, мектептегі мұғалім кеше ғана оқуды аяқтаған жас маман баланы қалай тәрбиелейді? Теориялық білімін практика жүзінде іске асыра ала ма?- деген сұрақтар ата-аналарды мазалайды.
    Мектепке келген жас маман көптеген қиындықтармен кездеседі. Оларға ұйымдастырушылық  және басқа да қабілеттерді қамтитын практикалық тәжірибені игеруіне тәжірибелі ұстаздардың ,яғни тәлімгерлердің көмегі қажет. Ұстаздық шеберлікке тәрбиелеу, қазіргі заман талаптарына сай жаңа сабаққа қойылатын талаптарды меңгеру мақсатында мектебімізде  «Жас ұстаздар» клубы құрылған.
    «Жас ұстаздар мектебінің» негізгі мақсаты: жас мамандарға кәсіптік бағыт - бағдар беру, педагогикалық біліктіліктерін арттыру, методикалық және практикалық көмек көрсету арқылы оларды тәжірибелі ұстаздар қатарына қосу.
   Арнаулы жоспар бойынша  жұмыс жүргізіліп  келеді. Жас мамандар мектебінің мүшесіне 1 - 5 жылға дейін еңбек өтілі бар мұғалімдер және олардың тәлімгерлері кіреді.Мектепте жас ұстаздар қыркүйек айында анықталып, тәлімгерлер тағайындалған. Биылғы оқу жылында мектепте барлығы 4 жас ұстаз еңбек етуде. Әр жас маманға жеке тәлімгерлер тағайындалған.Тәлімгерлер тағайындау кезінде жас маман мен тәлімгері бір пән иелері болуы дұрыс деп есептедік.

 

2023 – 2024 оқу жылында қабылданған 

жас мамандар туралы ақпарат

 

Аты - жөні

Туған күні, айы, жылы

Бітірген оқу  орны

Мамандығы

Білімі

Еңбек өтілі

Жұмысқа қабылданған бұйрық , күні

Тәлімгері аты - жөні

1

Мукашева Ақнұр Қанатқызы

01.12.2003

Ә.Сағынов атындағы Қарағанды Техникалық Университеті

Ақпараттық жүйелер

Жоғары

1

№7301.09.2023

Құдайбергенов М.Т

2

Социалова Сабина Ардаққызы

19.10.2004

Қарағанды гуманитарлық колледжі

көркем еңбек пәнінің мұғалімі

Орта

1

№72

3170872023

Алтынай Б.Е.

3

Қайрат Аяулым Қайратқызы

12.07.1996

Е.А.Букетов атындағы Қарағанды университеті

Филолог

Орыс тілі және әдебиеті

Магистр

3

№71

3170872023

 

4

Болат Улжан

01.10.2001

А.Құнанбаев атындағы Саран жоғарғы гуманитарлы-техникалық колледжі

Бастауыш білім беру қолданбалы 

 

Орта

бакалавр

3

№94

11.10.2023

Ерикова М.Е.

Осы  жас мамандарға көп ізденіп, талмай еңбек ету қажет.
   Жас мамандардың тәжірибелі мұғалімдермен қарым-қатынасы олардың кәсіби қабілеттерін дамытуға игі ықпал етеді. Жас мамандар өздеріне  жол сілтер тәлімгердің, әсіресе, білікті әдіскердің көмегіне мұқтаж, сондықтан үнемі жіті бақылауда болатын жағдай.   Жастар өздері ұмтылып білгім келеді, айтыңызшы ,көрсетіңізші десе барлығы да көмектеседі.  Бірақ  жас  оқытушының да  өз  талпынысы  болуы  керек.Тоқсанына бір рет жас мамандармен отырыстар өткізіп отырдық.Онда күнтізбелік,тәрбиелік  жоспарды жасаған кезде мемлекеттік стандартқа сүйену керек екендігі айтылған болатын.Сонымен қатар сабақ жоспарларын да қалай жазу керек екендігі, электронды журналды жүргізу ережесі,ішкі тәртіп ережесімен,еңбек тәртібімен, лауазымдық міндеттерімен  таныстырылды.Әр жас маманға өз пәндеріне байланысты әдістемелік газет- журналдарға жазылуға бағыт – бағдар берілді.Мектебіміздің жас ұстазы  Қайрат Аяулым орыс тілі пәнінен  «ПЕДСТАРТ». «Дарын» Республикалық қашықтық олимпиадасының  ІІІ дәрежелі Дипломымен марапатталды. Қарағанды облысында білім беруді  дамытудың оқу – әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен  орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдеріне арналаған  «табыс симфониясы» педагогикалық шеберлік байқауына  қатысқаны үшін Сертификат берілді.  «Инклюзивті білім беру жағдайында педагогикалық процесті ұйымдастырудың ерекшеліктері», «Развитие предметных компетенций учителей русского языка и литературы в освоении сложных тем в 5-9 классах» атты біліктілікті арттыру курсынан өтті.  Республикалық «Ұлы дала ұрпағы» атты өнер байқауында 7 «А» сынып оқушысы Төлеуқұл Каусар би номинациясы бойынша I орынды иеленді. Жетекшісі:Социал Сабина.Мектебімізде ұстаздар күніне орай өткізілген салтанатты жиында жас мамандар  мектепішілік Алғыс хатпен  марапатталды. Жас ұстаздар мектепішілік шараларға да  үнемі бір кісідей қатысып отырады. 8 – наурыз Халықаралық аналар күніне орай өткізілген  ардагер ұстаздарымызға  арналған  мазмұнды кешіміз де, осы жас ұстаздардың ұйымдастыруымен өтті. Ақпан айында жас мамандардың партфолиосы тексеріліп, біраз ескертулер жасалды. Барлық жас мамандар толық портфолиоларын тапсырды. Әрбір жас мұғалімнің жаңаша жұмыс істеп, үнемі ізденісте болуы бүгінгі күннің талабы. 
      Жалпы қорыта келе айтарым,  болашақта жас ұстаздар аға ұстаздардың ізін басушы, жаңа  заманға сай интернет, компьютер, электронды ақпараттар арқылы жұмыс жасай алатын, өз білімін жетілдіре білетін,шығармашыл ізденісте қажымайтын, ұстаз болуға бейімделіп, жаңа  технологиялардың қыр - сырын меңгеріп аша алатын жас маман болады деп сенемін.

   

«Жас ұстаздар мектебінің» жетекшісі: Сағындықова Гүлмира Аманқұлқызы.

Новости